Қазақстандықтар балықты аз жейді
Қазақстандықтар балық өнімдерін көрші елдерге қарағанда өте аз тұтынады. Елімізде 1 адам жылына орта есеппен 4 келіге жетер-жетпес балық етін жейді, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жан басына шаққандағы балық өнімін тұтыну мөлшері жылына 16 келіден кем болмауы тиіс екен.
Ал, Ресейде 1 адам жылына 23 келі, Қытай тұрғындары жыл сайын 43 келі балық тұтынады екен. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев елімізде балық тағамдарын күнделікті ас мәзірінде пайдаланудың пайдасы жайлы халықты көбірек ақпараттандыру қажет екенін айтты.
Айта кетейік, былтыр еліміздің су айдындарында 45 мың тонна балық ауланды. Жасанды жолмен балық өсіретін кәсіпорындар 15 мың тонна өнім өндірді. Сондай-ақ Қазақстан 41 мың тонна мұхит пен теңіз балығын сырт елдерден тасымалдайды. Ал жыл сайын 25 мың тонна балық пен балық өнімдерін шет мемлекеттерге жеткізеді. Сала министрлігінің басшысы алдағы жылдарда балық экспортын арттырып, импортты азайту көзделіп отырғанын тілге тиек етті.

Балық өнімдерінің бағасы еттен төмен болып, оны тұрғындарға қолжетімді ету үшін мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау керек. Осы жұмыстарды қолға алдық. Бізде балық шаруашылығына арналған субсидиялау бағдарламалары бар. Соларды дамытудың арқасында балық өнімдерінің көлемін ұлғайтып, тұтыну деңгейін көтереміз деп ойлаймыз,- деді министр.