Ресейден көшіп келген этникалық қазақтар қай өңірлерге қоныстанған
1 наурыздан бастап тұрақты тұруға рұқсат сұраған этникалық қазақтардың саны белгілі болды. Бұл турады Ішкі істер министрлігі жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Tengrinews.kz мәліметінше, ІІМ 2022 жылдың 1 наурызы мен 1 қарашасы аралығында 3999 этникалық қазаққа тұрақты тұруға ықтиярхат берілгенін мәлімдеді. Ал олардың көпшілігі басқа елдерден келген.
Этникалық қазақтардың ең көбі Өзбекстаннан көшіп келген – 2267 адам. Екінші орында Ресей – 773 адам. Одан кейін Моңғолия (328), Қытай (297), Түркіменстан (172), Қырғызстан (39) елдерінен келгендер.
Келген қазақтар негізінен халқы көп өңірлерге – Шымкентке – 785, Түркістан облысына – 715, Астанаға – 702, Маңғыстауға – 608, Алматы облысына – 526, Алматыға – 326 және т.б. орналасқан.
-->1 наурыздан бастап тұрақты тұруға рұқсат сұраған этникалық қазақтардың саны белгілі болды. Бұл турады Ішкі істер министрлігі жариялады, деп хабарлады Elorda.info.