Әлеумет

Полицейлер қосымша арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтайды

ІІМ әзірлеген «Қорғау» қосымшасы полицейге жол ережесін бұзушыны анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлады Elorda.info.

Бағдарлама көше камераларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейдің планшетіне қауіпті жүргізушінің оған жақындағаны туралы сигнал береді. Бұл жол қозғалысы ережесін қасақана бұзушы немесе машинаны жоғары жылдамдықпен басқаратын жүргізуші болуы мүмкін.

Қазір мұндай жоба Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Атырау және Түркістан қалаларында жүзеге асырылуда.

Бұл өңірлерде 11 мыңнан астам автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, 3,5 мың құқық бұзған автокөліктің нөмірлік белгілері тәркіленді. Жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың 726 фактісі анықталды. Басқару құқығы жоқ немесе бұрын осындай құқықтан айырылған 2 285 жүргізуші ұсталды.

-->