Әлеумет

3 мың жылдан кейін адам қандай болады – ғалымдар болжам ұсынды

Toll Free Forwarding Company ғалымдары 3000 жылдан кейін адамның сыртқы келбеті біздің замандастарымыздан мүлдем өзгеше болуы мүмкін екенін болжап отыр, деп хабарлады Elorda.info.

Massaget.kz-тің жазуынша, заманауи технологиялардың адам анатомиясы мен физиологиясына әсері саласындағы анықтамалар мен сарапшылардың пікірлері негізінде зерттеушілер болашақ адамның моделін жасады. Олар алынған 3D моделіне «Минди» деп ат қойды.

Зерттеушілердің пікірінше, гаджеттерге тәуелділіктің артуына байланысты болашақ адам ағзасы біршама өзгеріске ұшырайды, мысалы, гаджетті үнемі ұстау қажеттілігінен белі бүгіліп, мойын қалыңдап, саусақтар бұралып қалады.

Көзді экрандардың жарқыраған жарығынан қорғау үшін қазір кейбір жануарларда ғана кездесетін үшінші қабақ пайда болады.

Компьютер немесе планшет экрандарына үнемі еңкейіп қарау қажеттілігіне байланысты мойын бұлшықеттері үлкейеді. Бас сүйектері қалыңдап, ал ми кішірейеді.

Минди – жақсы жұмыс жағдайларының маңыздылығын дәлелдеу үшін 2019 жылы жасалған Эммадан кейінгі ұрпақ.

Эмманы зерттеушілер 3000-нан астам қызметкерден денсаулық мәселелері туралы сұхбат алғаннан кейін жасаған.

Ол күнде компьютер экранына ұзақ қараудан көздері қызарып, үстелінің үстінде сағаттап отырады. Жасанды жарықта жылдар бойы жұмыс істегендіктен тері сарғайып кетеді.

-->