Атырауда 14 жастағы жүргізуші қаза тапты – ІІМ ата-аналарға үндеу жасады (ВИДЕО)
ІІМ жолда барынша сақ болуға шақырады, деп хабарлады Elorda.info.
-->ІІМ жолда барынша сақ болуға шақырады, деп хабарлады Elorda.info.
Жолдағы балалардың қауіпсіздігі әрқашан полицияның бақылауында болады. Түсіндіру жұмыстарына қарамастан, апаттың себебі балалар болып табылатын жол-көлік оқиғалары азаймай отыр.
Өкінішке қарай, қазіргі заманауи ата-ана тәрбиесі балаларға көптеген еркіндік береді. Ол өз кезегінде қайғылы жағдайға айналуы мүмкін.
Ата-аналар балалардың “сынақ пен қателік” арқылы үйрену қабілетін асыра бағалайды.
Кей жағдайларда ата-аналар қауіпсіздік туралы ойламай, балаларына автокөлік кілттерін береді. Бұл деректер кәмелетке толмағандардың және жол жүрісіне қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді.
Жыл басынан бері Қазақстанда жасөспірімдердің көлік тізгіндеу әрекеттерінен 70-тен астам жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 10-нан астам адам қаза тауып, 90-нан астам адам жараланды.
Мәселен, кеше Атырау облысында Жасталап ауылының жанындағы жолда Toyota автокөлігінің кәмелетке толмаған жүргізушісі небәрі 14 жаста болғандықтан басқаруға ие бола алмай, аударылып қалды. Салдарынан бала қайтыс болды, ал оның 4 жасөспірім жолаушысы ауруханаға түсті.
Осыған байланысты ІІМ көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді (ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігі).
Сондықтан ата-аналарға дәл бүгін, кейінге қалдырмай, балалармен жол қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын талқылауға кеңес беріледі.
Бұл кеңестер баланың жадында сақталады және қауіпті жағдайлардың тәуекелін азайтады, – деді ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.