«Антикор қызметкері» 7 жылға сотталып кетті (ВИДЕО)
Ақтау қалалық соты өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, әкімдік, полиция, балабақша қызметкерлерін қорқытқан Нұрбол Кәрімовке үкім шығарды, деп хабарлады Elorda.info.
Антикордың мәліметіне қарағанда, сот бүгін алаяқтық жасап, пара беруге итермелегені үшін Кәрімов пен Батырхановты 7 жыл 6 айға және 7 жылға соттады. Оларға мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: Антикордың жалған қызметкері Каспий жағалауынан жер телімін талап еткен
Айта кетері, агенттік төрағасының көмекшісінің атын жамылған Нұрбол Кәрімов Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан Каспий теңізінің жағалауындағы жер учаскесін рәсімдеуді талап еткен. Ол жерде коммерциялық нысан салмақ болған.
Бұдан бөлек, 2020 жылдың ақпанында Кәрімов Батырхановпен алдын ала сөз байласып, өздерін Білім және ғылым вице-министрі және Алматы қаласы әкімінің көмекшісі ретінде таныстырған. Осылайша, балабақша меңгерушісінен әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 1 миллион теңге сұраған.
-->Ақтау қалалық соты өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, әкімдік, полиция, балабақша қызметкерлерін қорқытқан Нұрбол Кәрімовке үкім шығарды, деп хабарлады Elorda.info.