Мектеп директоры мұғалімге еден жуғызып қойған
Бүгінде мұғалімдерді міндетіне жатпайтын жұмыстарға тарту мәселелері аз болмай тұр. Мәселен, таяуда Өскеменде мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов айтты.
Комитет төрағасының айтуынша, сондай деректердің бірі жуырда Өскеменде тіркелген.
-->Бүгінде мұғалімдерді міндетіне жатпайтын жұмыстарға тарту мәселелері аз болмай тұр. Мәселен, таяуда Өскеменде мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов айтты.
Педагогтерді мұғалімге тән емес функцияларға тарту проблемасы да өзектілігін жоғалтпай тұр. Бүгінгі таңда біздің департаменттерде барлығы 182 факт тіркелген. Оның 93-і бойынша әкімшілік іс қозғалса, 100 факті аумақтық департаменттер жанындағы консультативтік кеңесші органдарда қаралып жатыр, - деді ол ведомствоның аппарат жиынында.
Комитет төрағасының айтуынша, сондай деректердің бірі жуырда Өскеменде тіркелген.
Осы аптада Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының №46 мектептің педагогінен менің атыма арыз келіп түсті. Мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген. Қазіргі таңда факті бойынша тиісті жұмыс жүріп жатыр. Мектеп басшылығының кінәсі дәлелденген жағдайда әкімшілік жаза қолданылады, - деді Ернұр Дауенов.