Әлеумет

«Еңбек жолы – 2022» байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шықты

Еңбек әулеттері мен өндіріс жұмысшылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің қорытындысы шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл түрлі номинацияларға қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірінен 522 өтінім берілген.

Аймақтық комиссиялар номинанттарды үш санат бойынша таңдады:

«Үздік еңбек әулеті» – 163 өтінім;

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – 179 өтінім;

«Өндірістің үздік жас маманы» – 180 өтінім берілді.

Конкурстың өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша жоғарыда аталған номинациялардың әрқайсысында 17 облыстан және республикалық маңызы бар 3 қаладан жеңімпаздар анықталды.

Конкурс лауреаттарын жақын арада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы республикалық комиссия айқындайды, оның құрамына ведомство өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, әлеуметтік әріптестер, «Атамекен» ҰКП және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері кіреді.

«Еңбек жолы – 2022» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу қараша айының соңына жоспарланған.

-->