Әлеумет

«Жылаттың ғой, балапан»: Парижде Қазақстан әнұранын шырқаған бала көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Бекнұр есімді Францияда тұратын қазақ баласы еліміздің әнұранын табиғи дауыста шырқап, көпшілікті тәнті етті, деп жазады Elorda.info.

Бұл бейнежазбаны Бекнұрдың әжесі – білікті инженер Гүлнара Смайылова жариялаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары мүгедектер арбасында отырып гимн шырқаған баланың талантына бас иіп, риза болып жатыр. 

Белгілі болғандай, Париж қаласында Қазақстанның Франциядағы елшілігінде еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өткен.

-->

«Елім деп соққан кіп-кішкентай жүрегіңнің лүпілі соғуын тоқтатпасын. Биікке самға, биік белестерді бағындыр әсем дауысыңмен, жас бүлдіршін», «Бекнұртай балам, дауысың сондай ашық, жүрекке жетті! Аман бол, айналайын!», «Елім деп соққан жүрегіңнен айналдым. Жылаттың ғой, балапан. Алла денсаулық берсін саған», «Балапан-оу сол! Адамдарға қанағатшыл болуды үйретуді жүктеді ме екен Алла мойныңа. Дауысыңнан айналайын!» – деп жылы пікірлер жазып жатыр.  