Әлеумет

Елімізде бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сонымен бірге бірқатар полиция департаментінде кадрлық өзгерістер болған.

Ақмола облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Фархат Омаров тағайындалды.

Ол ІІМ Тергеу департаментінің Аналитикалық жұмыс және алдын ала тергеу басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.

Ал Дәурен Ибраев Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін ол Қызылорда полициясы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Қайрат Әбдіғалиев Абай облыстық Полиция департаменті Семей қалалық Полиция басқармасының бастығы лауазымына ұсынылды.

Ол бұған дейін ШҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.

-->

Бір апта ішінде 3022 қылмыс жасалды, оның 1808-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 29 тонау және 421 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі апталық онлайн брифингіде.