Әлеумет

2025 жылдан кейін Астана тұрғындарына көмір жағуға тыйым салынуы мүмкін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Астана халқымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info

Ведомство басшысы кездесуде 2025 жылдан кейін қала тұрғындарына көмір жағуға тыйым салуды ұсынды.

Ал экобелсенділер өз кезегінде қыста жер үй массивтерінен келетін түтін қаланың ауасын ластайтынын айтып, осы мәселені біржола шешу қажеттігін айтты.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов бұл мәселе қалаға толығымен газ тартылған кезде шешілуі керектігін атап өтті.

Комитет басшысы бұл шаруа 2025 жылға дейін аяқталатынын, аталған кезеңнен кейін тұрғындарға қатты отын жағуға тыйым салу көзделіп отырғанын жеткізді.

Министр әріптесінің сөзін қуаттады.

Министрдің айтуынша, Астана ластану деңгейі жоғары қалаларға жатады. Ластанудың негізгі көздері жылу электр орталықтары, автономды қазандықтар, жеке сектор пештері және автомобиль көлігі болып табылады.

Серікқали Брекешов халықты қаланың су ресурстарының жай-күйі мәселесі алаңдататынын, министрлік атына үнемі Есіл өзеніне және оның салаларына (притоки) ағынды суларды ағызу туралы шағымдар келіп түсетінін айтты.

Сарыбұлақ өзенінде, үйлері су қорғау аймағында орналасқан жеке секторда, ластаушы заттардың шоғырлануының арту фактілері бар. Елорда тұрғындарының 8 пайызы әлі күнге дейін орталықтандырылған кәріз жүйесіне қол жеткізбеген (шұңқырларды пайдаланады).

Екінші мәселе, бұл – нөсер кәріз жүйесінің жұмысындағы мәселе. 

Министр енді әкімдіктер ауа сапасы нашарлаған кезде көліктердің кіруіне шектеу енгізе алатынын атап өтті. 

Осы орайда Экология министрі су шаруашылығы мәселелеріне де тоқталды. 

Бұдан әрі министр орман шаруашылығын дамыту бойынша деректер келтірді. 

Сонымен қатар, Астана қаласының айналасында ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ құру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда оның ауданы 90,0 мың гектардан асады. Алдағы екі жылда 5,8 мың гектар алқапқа орман дақылдарын отырғызу жоспарлануда. Сондай-ақ, жұмыс климаттық жағдайлардың салдарынан әлсіреген екпелерді қайта қалпына келтіру шеңберінде жалғасатын болады, – деді Серікқали Брекешов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Экология министрі елорда тұрғындарымен кездесетінін жазған болатынбыз. 

-->

2025 жылға дейін осы қала толығымен газдандырылса, яғни, осы аймаққа газ келіп тұр ма, тек газ пайдалану керек деген ұсынысымыз бар. Көмірге тыйым салып, кәдімгідей «пайдалануға болмайды» деген ұсынысты пысықтап жатырмыз. Әрі қарай көреміз енді. Бірінші газдандыру шаруасын бітіріп алайық, одан кейін әрі қарай нақты бір шаралар қолданамыз, - деді Серікқали Брекешев.

Министрдің айтуынша, Астана ластану деңгейі жоғары қалаларға жатады. Ластанудың негізгі көздері жылу электр орталықтары, автономды қазандықтар, жеке сектор пештері және автомобиль көлігі болып табылады.

Ел бойынша осы жылдың 9 айы ішінде атмосфераға кәсіпорындардан ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі шамамен 900 мың тоннаны құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 18 пайызға төмен (1,1 млн.тонна). Астанаға оның 54,2 мың тоннасы тиісті, бұл былтырғы жылғы кезеңнен 15 пайызға төмен (55,6 мың тонна). Бұған табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру есебінен қол жеткізілді.

Біз қаланың барлық экологиялық мәселелеріне талдау жасадық. Негізгілері: атмосфералық ауаның, су ресурстарының ластануы, қалдықтарды заңсыз орналастыру және көгалдандыру деңгейінің жеткіліксіздігі.

Жалпы, экожүйені жақсарту үшін жүйелі шаралар ретінде өткен жылы жаңа Экологиялық кодекс және «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қабылданды. Сондай-ақ, 2020 жылы өңірлер бөлінісінде экожүйені жақсарту жөніндегі Жол карталары бекітіліп, іске асырылуда, – деді ол.

Серікқали Брекешов халықты қаланың су ресурстарының жай-күйі мәселесі алаңдататынын, министрлік атына үнемі Есіл өзеніне және оның салаларына (притоки) ағынды суларды ағызу туралы шағымдар келіп түсетінін айтты.

Бұл жеке сектордың пайдаланылған суларын заңсыз ағызуы және тиісті тазартусыз жаңа жүргізілген инженерлік желілерге қосылу арқылы кәсіпорындардың суларын заңсыз ағызуы, – деді министр.

Сарыбұлақ өзенінде, үйлері су қорғау аймағында орналасқан жеке секторда, ластаушы заттардың шоғырлануының арту фактілері бар. Елорда тұрғындарының 8 пайызы әлі күнге дейін орталықтандырылған кәріз жүйесіне қол жеткізбеген (шұңқырларды пайдаланады).

Екінші мәселе, бұл – нөсер кәріз жүйесінің жұмысындағы мәселе. 

Су ресурстарының ластануын болдырмау мақсатында әкімдік барлық абоненттерді орталықтандырылған кәрізге қосу бойынша жұмысты ұйымдастыруы, нөсер ағындарының коллекторына рұқсатсыз ағызуды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз етуі, заңсыз ағызу көздерін анықтау және инженерлік су құбыры желілерін жөндеу үшін қаланың жерасты су құбыры желілеріне зерттеу жүргізуі, және оларды «Астана Су арнасы» МКК тазарту стансаларына қосуды қамтамасыз етуі қажет.

Өз кезегінде әкімдік пен біздің министрлік су айдындарын тазарту, су айдындарының жағалау аумағын қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізуде, – деді Серікқали Брекешов.

Министр енді әкімдіктер ауа сапасы нашарлаған кезде көліктердің кіруіне шектеу енгізе алатынын атап өтті. 

Жалпы, Астана қаласы әкімдігінің назарын жаңа Экологиялық кодексте белгіленген жүйелі шараларға аударғым келеді. Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың қоршаған орта мәселелеріндегі өкілеттіктерін едәуір күшейту және кеңейту көзделген. Енді әкімдіктер ауа сапасы нашарлаған кезде көлік құралдарының кіруіне шектеулер енгізуге, ал қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туындаған кезде, мысалы, желсіз болған кезде ластаушы кәсіпорындардың қызметіне уақытша шектеулер енгізе алады.

100 мыңнан астам халқы бар қалалардың әкімдіктері әр 5 жыл сайын қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін және оны жақсарту жөніндегі іс-шараларды бекітуге, сондай-ақ осы жоспарларға сәйкес жергілікті бюджет қаражатының толық көлемде жұмсалуын қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан қала әкімдігі бұл жұмысты жүргізуі қажет, – деді Брекешов.

Осы орайда Экология министрі су шаруашылығы мәселелеріне де тоқталды. 

Су шаруашылығындағы негізгі проблемалар - су шаруашылығы объектілерінің тозуының жоғары деңгейі, судың үлкен шығыны. Осыған байланысты, біз су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және реконструкциялау, суару арналарын цифрландыру бойынша сәйкес жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Осы жылдың 9 ай ішіндегі жұмыстың қорытындысы слайдта көрсетілген.

Астана қаласына тоқталсақ, мұнда қолданыстағы қорғаныс бөгетін қайта жаңарту және күшейту, сондай-ақ төгу каналын салу жоспарлануда. Жұмыстар 2020 жылы басталды. Бүгінгі таңда қымбатшылыққа байланысты жобалық-сметалы құжаттаманы қымбаттауға қарай түзету жүргізілуде. Жұмысты 2024 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді ол.

Бұдан әрі министр орман шаруашылығын дамыту бойынша деректер келтірді. 

Орман шаруашылығын дамыту мәселелеріне көшемін. Қазіргі уақытта республиканың ормандылығы 5,0 пайызды құрайды. Мақсат 2030 жылға қарай көрсеткішті 5,3 пайызға дейін жеткізу. Президенттің бастамасымен өткен жылы біз 5 жыл ішінде 2 млрд. ағаш отырғызуды бастадық. Былтырғы жылдың жоспары орындалды. 138 млн. ағаш отырғызылды. Биыл жоспарланған 279 млн. дана ағаштың 224 мың жасыл желегі отырғызылды. Ормандар өсімін бақылау және мониторингтеу үшін интерактивті карта жасалды.

Сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Елорда әкімдігі 2021-2025 жылдарға арналған Қаланы көгалдандыру мен жасыл аймақтарды құрудың өңірлік жоспарын әзірледі. Өткен жылы елордада «Жасыл белдеуді» ескере отырып,
1 млн. 65 мың дана ағаш отырғызылды, биыл 450 мың дана жасыл желек отырғызылды.