Әлеумет

Елімізде рақымшылықпен босағандар мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенат кулуарында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ол өз сөзінде рақымшылыққа іліну мен ақталып шығу екі бөлек ұғым екенін еске салды. 

-->

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенат кулуарында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қолданыстағы заңға сәйкес мемлекттік қызметке және құқық қорғау қызметіне ондай адамдар жұмысқа алынбайды. Олардың соттылығы туралы анықтамасында «рақымшылық шарасы қолданылған» деген жазу тұрады, - деді Бас прокурордың орынбасары.

Ол өз сөзінде рақымшылыққа іліну мен ақталып шығу екі бөлек ұғым екенін еске салды. 

Рақымшылық жасаған адамдар ақталған деп саналмайды. Бұл ақтауға негіз болмайды. Сондықтан рақымшылыққа байланысты жазадан босатылған адамдар үшін заңнамада белгілі бір шектеулер бар. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет және құқық қорғау қызметі туралы заңнамада рақымшылық жасау актісі қолданылған адамдар мемлекеттік қызметке, құқық қорғау қызметіне кіре алмайды деп көрсетілген. Бірақ бұл шектеулердің рақымшылыққа ілінгендердің туыстарына ешқандай қатысы жоқ, - деді Әсет Шындалиев.