Астана мен Доха арасында әуе рейсі ашылады
Келер жылдан бастап Қазақстан мен Қатар арасындағы рейстер күнделікті болады, деп хабарлады Elorda.info Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 3 қаңтардан бастап қатарлық авиакомпания Алматы және Доха қалалары арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Екі ел арасында әуе қатынасы күнделікті болады.
Сонымен қатар әуекомпания 2023 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде Қазақстан мен Катар астаналары – Астана мен Доха арасында рейс ашуды жоспарлап отыр.
Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Қатар арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.
-->Келер жылдан бастап Қазақстан мен Қатар арасындағы рейстер күнделікті болады, деп хабарлады Elorda.info Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.