Адам саудасымен айналысқан үш ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды – ІІМ
Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстандағы адам саудасына күрес туралы құқықтық форумда айтты, деп хабарлады Elorda.info BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Айтуынша, адам саудасымен күресу мәселесі – өте өзекті және қоғамның назарында.
Сондай-ақ министр елде адамды саудаға тіккен үш ұйымдастық қылмыстық топтың анықталғанын айтты.
-->Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстандағы адам саудасына күрес туралы құқықтық форумда айтты, деп хабарлады Elorda.info BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Айтуынша, адам саудасымен күресу мәселесі – өте өзекті және қоғамның назарында.
Адамды құлдыққа мәжбүрлеу, қинап ұстау, зат ретінде сату – қазіргі ең дамыған мемлекеттерде де бар. Біріккен Ұлттар ұйымының мәліметіне сәйкес әлемдегі адам саудасы құрбандарының пайызы – әйелдер мен жас қыздар. Ал, әрбір үшіншісі – балалар. Өкінішке қарай, бұл проблеманың Қазақстанға да қатысы бар. Қазір жыл сайын елде осындай 100-ден астам қылмыс тіркеледі. Бұрын 300-ге дейін жететін, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сондай-ақ министр елде адамды саудаға тіккен үш ұйымдастық қылмыстық топтың анықталғанын айтты.
Биыл 4 айдың ішінде адам саудасының 30-ға жуық фактісі анықталды. Үш ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Жалпы, министрлікте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын қайта құру арқылы бұл қылмыстардың анықталу қарқыны байқалып жатыр. Бірақ бұл тек салдармен күрес екенін мойындауымыз керек, - деді Марат Ахметжанов.