Әлеумет

Студенттер оқу ақысын төлеу үшін 2-3 пайыздық несие ала алады

Студенттер 2023-2024 оқу жылынан бастап оқу ақысын төлеу үшін банктен 2-3 пайыздық кредит ала алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі таңда министрлік Қазақстанда бұрын қолданыста болған қаржыландыру және несие беру модельдерін қарастырып, зерттеп жатыр.  

Саясат Нұрбек студенттер несиені өз атына рәсімдей алатынын айтты. Несиені екінші деңгейлі банктер береді.  

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында оқу ақысын өтеу үшін мөлшерлемесі аз несие берілетінін айтқан еді.

-->