Әлеумет

Елімізде шетелдіктерден туристік алым алынады

Қазақстанда 2023 жылдан бастап шетелдіктерден туристік алым алынады, деп хабарлады Elorda.info.

Туристік алым қалалар мен облыстардағы хостелдерді, қонақ үйлерді, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, шетелдік туристерден олардың тұрып жатқан жерлерінде өткізген әрбір күні үшін алынады. 

Туристік алымды туроператорлар шетелдіктерді туристерді орналастыру орындарында тіркеу кезінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде алады. 

Шетелдіктер үшін тарифтер: 

- 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – тұру құнының 0%; 

- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – тұру құнының 5%-нан аспауы керек. 

Туристік алым мөлшерлемесін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) белгілейді, тиісінше төлемдер жергілікті бюджетке түседі.

-->