Әлеумет

«Біріккен Алаш» қоры шығармашыл жасөспірімдер арасында халықаралық байқау жариялады

АҚШ-та құрылған «Біріккен Алаш» қоры дүниежүзіндегі шығармашыл қазақ жасөспірімдерін анықтап, оларды жігерлендіру мақсатында І халықаралық байқауын жариялайды, деп хабарлады Elorda.info.

Оған Қазақстандағы және дүниежүзіндегі қазақ диаспораларындағы 10 және 18 жас аралығындағы өрендер қатыса алады.

Тұңғыш рет өтетін байқаудың тақырыбы – “Менің тұлғам”.

Байқау шарттары: 

⁃ Байқауға қатысушының жасы 10-18 аралығында болуы тиіс;

⁃ Байқауға қатысушы өзі құрмет тұтатын тарихтағы немесе бүгінгі заманғы тұлғалардың бірі жайлы эссе жазуы тиіс. Эсседе: «сіздің үлгі тұтатын тұлғаңыз кім, ол тұлға несімен ерекше, тұлғаның нақты қандай қасиеті, мінезі немесе еңбегі үлгі боларлық, тұлғаның ерекше қасиеті, мінезі немесе болмысы ХХІ ғасырдағы қазақ жастарына үлгі болуға жарай ма, қазақ жастарының дамуына, жақсы өмір сүруіне көмектесе ала ма, сіз ол тұлғаны өз замандастарыңыз арасында қалай насихаттап, қалай дәріптер едіңіз?» деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Яғни “Менің тұлғам” атты шығармада шығармашыл жас үлгі тұтатын тұлғасы жайлы жалпылама мақтамай, нақты детальдармен, белгілі бір қырын аша отырып жазуы тиіс. Жазу формасы, стилі еркін, шығармашыл жастың ой еркіндігі мен шығармашылық қабілетін айшықтайтындай болуы құпталады.

Байқау ережесі: 

⁃ Шығарма Times New Roman 14-пен 2 – 2,5 беттен аспауы тиіс. Шығарманың (вордтағы) ең соңына қатысушының толық аты-жөні, мемлекет, қала (аудан, ауыл) атауы, байланыс нөмірі міндетті түрде жазылуы керек.

⁃ Жазылған шығарма қатысушының суретімен бірге info@kazunite.com электронды поштасына жолдануы қажет.

⁃ Материалдар 30 қараша күні Нью-Йорк уақытымен сағат 23.00-ге дейін қабылданады. Бұл уақыттан кеш жіберілген шығармалар байқауға қатыстырылмайды.

Қосымша ақпарат: 

⁃ Іріктеуден өткен шығармалар АҚШ-тағы тұңғыш қазақ басылымы kazunite.com халықаралық порталында жарияланады.

Байқау жеңімпаздарын Қазақстан, АҚШ, Еуропа елдері мен Түркиядағы белгілі тұлғалардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.

Жүлде қоры: 

⁃ I орын – 200 мың теңге (бір);

⁃ ІІ орын – 100 мың теңге (екі);

⁃ ІІІ орын 50 мың теңге (үш);

⁃ Ынталандыру сыйлығы 20 мың теңге (бес).

Қосымша АҚШ-тағы «Біріккен Алаш» қорының Халықаралық байқауының жүлдесін растайтын мақтау қағазы мен шағын сый-қоржын тапсырылады.

-->