Әлеумет

Әйелдерді ернінен сүйіп ұшықтап жүрген молданың ВИДЕОСЫ тарады

Желіде «әйелдерді ернінен сүйіп ұшықтайтын әрі дем салатын молда» жайлы видео пайда болды. Көпшілік ол адамды Арыстан баб кесенесінен көргенін айтып жатыр, деп жазады Elorda.info Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда қашқалақтаған молда «бар» деп кетіп қалады.

Видеоға қарағанда оқиға Арыстан баб кесенесінде болған сияқты. Себебі көне ғимараттың алды аталған жерге ұқсайды.

-->

Ернінен сүйіп ұшықтау деген бар ма не? - деп сұрақ қояды видеоны түсіріп тұрған адам.

Алайда қашқалақтаған молда «бар» деп кетіп қалады.

- Ернінен қалай ұшықтайсыз оны?

- Жай ұшықтаймын ғой...

Мұндай жерде ондай тірлік жасауға болмайды ғой, – деп түсіндіруге тырысады ашулы адам.

Видеоға қарағанда оқиға Арыстан баб кесенесінде болған сияқты. Себебі көне ғимараттың алды аталған жерге ұқсайды.

«Арыстан баб мазары ғой», «Масақара, имам, молдаларға сенуден қалдық қой», «Ернінен сүйгізіп ұшықтатып жүрген әйелдер де сау сиырдың боғы емес», «Дін істері агенттігі қайды?», «Арыстан бабқа экскурсияға жақында бардық, тура осы кісі видеоға түсірме, суретке де түсірмеңдер деген еді. Құран оқыды, ісіне сенбейін десең, алақ-жұлақ кіреді, шығады, не әрекет мына тірлігі», – деп жазды көпшілік.