Әлеумет

Дархан Қыдырәлі UNICEF-тің Қазақстандағы өкілімен кездесті

Astana Media Week-2022 аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі UNICEF-тің Қазақстандағы өкілінің орынбасары Летисия Баззи-Вейлмен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында балалар құқығын қорғау, кибербуллингпен күрес, балалар контенті мәселелері талқыланды.

UNICEF халықаралық ұйымының басым бағытының бірі – жастармен жұмыс екені белгілі. Осы орайда Дархан Қыдырәлі Летисия Баззи-Вейлге Жастар саясаты туралы заң жобасындағы өзгерістер және жастарға байланысты министрліктің бірқатар жобаларымен таныстырды.

Тараптар волонтерлік бағыт, жалпы жастар мәселесі төңірегінде жобаларды бірлесе жүзеге асыруға ниет білдірді.

-->