Елордада офицерлер балы өтті
Ұлттық қорғаныс университетінде Республика күніне орай офицерлер балы өтті, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ведомстводан мәлім еткендей, офицерлер балы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жақсы дәстүр. Әскери қызметшілер мұнда жаңа қырынан көрінеді. Олар сыпайылық, талғампаздық пен бекзаттық әдептерін паш етеді.
Іс-шараға офицерлер өз жұбайларымен қатысты. Қазылар алқасына Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов төрағалық етті.
Нәтижесінде Әскери-гуманитария ғылымдары факультетінің мүшелері үздік деп танылды. Жекелеген жұптар «Көркемдік», «Үйлесімділік», «Бірегейлік» және «Грация» аталымдары бойынша марапатталды.
-->Ұлттық қорғаныс университетінде Республика күніне орай офицерлер балы өтті, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ведомстводан мәлім еткендей, офицерлер балы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жақсы дәстүр. Әскери қызметшілер мұнда жаңа қырынан көрінеді. Олар сыпайылық, талғампаздық пен бекзаттық әдептерін паш етеді.
Іс-шараға офицерлер өз жұбайларымен қатысты. Қазылар алқасына Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов төрағалық етті.
Бұл шараны Ұлттық мереке – Республика күніне арнадық. Әскерилер арасындағы офицерлер балы ежелден бекзаттықтың, ханымдарға деген көзқарастың, сүйіспеншілік пен адалдықтың символы болып табылады, – деді ол.