Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде салтанатты іс-шара өтті
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «25 қазан – Республика күні» ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараға агенттік, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік қызметтің персоналын бақылау ұлттық орталығының басшылығы мен қызметкерлері, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградаларымен агенттіктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлерге МҚІА төрағасының алғыс хаттары мен грамоталары табысталды.
Ұлттық мереке қарсаңында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер Қазақстан халқына адал әрі кәсіби қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.
Іс-шара аясында мерекеге шақырылған қызметкерлердің балалары үшін агенттік бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында балалар ата-аналарының жұмыс орнымен танысты.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
-->Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «25 қазан – Республика күні» ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараға агенттік, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік қызметтің персоналын бақылау ұлттық орталығының басшылығы мен қызметкерлері, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері қатысты.
Президент айтып өткендей Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символына айналуы қажет. Республика күні – тәуелсіздігіміздің жаршысы, оған жол ашқан тарихи оқиғаны айғақтаушы күн. Сондықтан да біз үшін бұл мереке егемен ел болып ірге қалауымыздың белгісіне айналған тарихи күнді, ұлттық рухымыздың қайта түлеген сәтін еске салатын ерекше сипатқа ие, - деді агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев өзінің құттықтау сөзінде.