Елімізде қорғаныс, мемлекеттік басқару саласындағы жалақы өсті
Биыл мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секторы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 249 мың теңгеге жетті, деп хабарлады Elorda.info Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Аталмыш сала қызметкерлерінің жалақысы бір жылда 22,6%-ға өсті. Жалақыны сатып алу қабілетінің өсуі 7,6%-ға жетті.
Сектордағы ең жоғары жалақы міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында атап өтілді. Ол 654 мың теңгеге жетіп, 1,3% өсім көрсеттік. Халыққа қызмет көрсету саласында 246,6 мың теңге, жалпы сипаттағы мемлекеттік басқару және әлеуметтік-экономикалық басқару саласында 249,3 мың теңге болды.
Өңір бойынша сектордағы ең жоғары жалақыны елорда қызметкерлері алды. Олар 393,3 мың теңге алады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,3%-ға артық. Одан кейінгі кезекте Қызылорда облысы (283,9 мың теңге) және Алматы (265,5 мың теңге) болды.
Ең төменгі көрсеткіштер Ақмола (209,1 мың тг), Абай (209,7 мың тг) және Шығыс Қазақстан (212,7 мың тг) облыстарында тіркелді.
-->Биыл мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секторы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 249 мың теңгеге жетті, деп хабарлады Elorda.info Ranking.kz-ке сілтеме жасап.