Әлеумет

Астаналық директор Францияның Пальма бұтағы орденімен марапатталды

Франция елшілігінде Француз Республикасы Премьер-министрінің Жарлығымен №17 мектеп-гимназия директоры Рамзия Өмірбаеваға ғылым мен білім саласында сіңірген еңбегі үшін Пальма бұтағы орденінің кавалері атағы берілді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл орденді 1808 жылы император Наполеон бекіткен және Франциядағы ең көне марапат. Пальма бұтағы ордені Франция мен Қазақстан арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы сіңірген еңбегін мойындау болып табылады.

№17 мектеп-гимназиясы «Француз тілін ерте оқыту», «Қос тілді мектеп» жобаларына қатысып, Франция елшілігімен жиырма жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс істейді. Мектеп оқушылары үшін француз тілін оқып қана қоймай, математика мен физиканы да үйренуге тамаша мүмкіндік бар. Бұның дәлелі – мектеп оқушылары жыл сайын республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары атанып, Францияның жоғары оқу орындарына тегін оқуға түсуі.

-->