Әлеумет

Астаналық студенттер Республика күні қарсаңында диктант жазды

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Республика күніне орай диктант өтті. Білім беру акциясын университеттің филология факультеті ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Диктант қазақ тілінде «Аманат» тақырыбында өткізілді. Оны 2 курс магистранттары оқыды.

Орыс тіліндегі диктанттың тақырыбы – «Особые даты независимого Казахстана». Мәтінді теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының жетекші оқытушылары оқыды.

Диктантқа студент Дариға Мадиярова да қатысты. Ол өзінің білім деңгейін тексеріп қана қоймай, ой-өрісін кеңейтуді шешкен.

-->

Бұл тақырыпты жан-жақты ашу үшін болашақ ұрпақ үшін аманаттың не екенін түсіндіру қажет. Ең алдымен, бұл – Жер, Ана тілі, дәстүрлер. Бүгінде жастарға аманат ретінде қазақ тілін одан әрі сақтау мен дамыту жүктелген, - деп атап өтті Филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Қуанышбек Маликов.

Орыс тіліндегі диктанттың тақырыбы – «Особые даты независимого Казахстана». Мәтінді теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының жетекші оқытушылары оқыды.

Тәуелсіз Қазақстанның айтулы күндері» диктантына арналған мәтінді іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы дамуының жаңа парақшасының басталуын бейнелейтін керемет күннің – 25 қазанның қайта жаңғыруы ескерілді. Бұдан басқа, мәтінде Тәуелсіздік туралы Заңның, ҚР Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының қабылдануына байланысты еліміз үшін маңызды басқа да күндер қамтылған. Олардың барлығы еліміздің қазіргі дамуының және оның халықаралық аренадағы мәртебесінің, қазақстандықтардың тұрақтылығы мен әл-ауқатының негізі, - деді ЕҰУ Филология факультеті кафедрасының меңгерушісі Евгения Журавлева. 

Диктантқа студент Дариға Мадиярова да қатысты. Ол өзінің білім деңгейін тексеріп қана қоймай, ой-өрісін кеңейтуді шешкен.

Диктант жазу кезінде маған «Аманат» мәтінінің мазмұны ерекше ұнады, өйткені патриотизмнің негізі – тіл. Мен ұлттық құндылықтарды, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғыртуға ерекше назар аудару қажет екендігін қолдаймын. Менің ойымша, бұл – ұлттың дамуына әсер ететін ең маңызды аспект, - деді Д.Мадиярова.