Елімізде ең жоғары жалақы 1,7 млн теңгені кімдер алады
Hh.kz сервисі қыркүйек айында салалар бойынша жалақы мөлшеріне сараптама ұсынды. Аталған зерттеуге сәйкес, қыркүйекте сатып алу саласындағы орташа жалақы 29 пайызға өскен, деп хабарлады Elorda.info.
Ұсынылған зерттеуден Қазақстанда кеңес беру саласында жоғары жалақы төленетінін көруге болады.
Мәселен, қыркүйек айында саладағы жалақының өсімі 7 пайыз болды. Ең жоғары жалақы мөлшері – 1 млн 700 мың теңге.
Сатып алу саласындағы жалақының орташа мөлшері - 344 339 теңге.
Зерттеуге сәйкес, сатып алу саласындағы мамандардың орташа жалақысы қыркүйек айында 29 пайызға өсті. Тамыз айында кәсіптің орташа жалақысы 266 мың 519 теңгені құраған еді.
Ал үй персоналы саласындағы орташа жалақы 148 мың теңгеден асады. Өткен айда ол тамызбен (158 мың 136 теңге) салыстырғанда 6 пайызға төмендеп отыр.
Автомобиль бизнесі, ғылым және білім беру салаларындағы жалақы деңгейі де тағы 6 пайызға қысқарған.
Ең жоғары жалақы жоғары менеджмент саласында тіркелген. Аталған сала қызметкерлерінің ең жоғары жалақысы қыркүйек айында 1 пайызға төмендеп, 1 млн 899 мың 782 теңгені құрады.
Сақтандыру саласында жұмыс істейтін мамандардың орташа жалақысы 13 пайызға өсті.
Осылайша, Қазақстандағы орташа арифметикалық жалақы салаларда мынадай:
Кеңес беру - 638 133 теңге;
Жоғары менеджмент - 535 866 теңге;
Шикізат өндіру - 452 930 теңге;
Ақпараттық технологиялар - 390 392 теңге;
Сатып алу - 344 339 теңге;
Құрылыс, жылжымайтын мүлік - 334 364 теңге;
Медицина, фармацевтика - 300 908 теңге;
Өндіріс, ауыл шаруашылығы - 293 555 теңге;
Банктер, инвестиция, лизинг - 291 239 теңге;
Сату - 281 822 теңге;
Автомобиль бизнесі - 278 262 теңге;
Заңгерлер - 273 069 теңге;
Маркетинг, жарнама, масс-медиа - 267 102 теңге;
Көлік, логистика - 265 270 теңге;
Туризм, қонақ үйлер, мейрамханалар - 258 707 теңге;
Жұмысшы персоналы - 251 548 теңге;
Спорт клубтары, сұлулық салондары - 248 955 теңге;
Персоналды басқару, тренингтер - 245 998 теңге;
Бухгалтерия, есеп және қаржы - 245 245 теңге;
Сақтандыру - 229 244 теңге;
Ғылым, білім - 214 941 теңге;
Әкімшілік персонал - 200 928 теңге;
Қауіпсіздік - 185 776 теңге;
Үй қызметкерлері - 148 648 теңге.
Зерттеу деректеріне сәйкес, Қазақстан бойынша орташа арифметикалық жалақы - 270 мың теңге.
-->