Әлеумет

Қазақстанда бір жылда сыра 22 пайызға қымбаттады

Қаңтар-тамыз айларында сыра өндірісі 481,4 млн литрді құрады, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға аз, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Отандық сыра өңдірушілер қаңтар-шілде айларында сұранысты 91%-ға қамтамасыз етті. Сыраның экспорты 12,7%-ға қысқарды.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша сыра бір айда 1,5%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері сыра 21,2%-ға, ал бір жылда, яғни 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 22,4%-ға қымбаттады.

Өңірлік бөліністе жыл басынан бері сыраның бағасы Шығыс Қазақстан облысында (30%-ға), Астанада (29,2%-ға) және Түркістан облысында (28,9%-ға) айтарлықтай өсті.

-->