Тамара Дүйсенова: Дағдарыс орталықтарындағы адамдардың 67 пайызы – балалар
Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өз баяндамасында еліміздегі дағдарыс орталықтары туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінде 41 Дағдарыс орталығы республика көлемінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді. Оның 14-і мемлекеттік, 27-сі мемлекеттік емес. Олар негізінен еліміздің 18 өңірінде жұмыс істейді.
Биылдан бастап орталықтар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Бөлінген қаражат көлемі шамамен 1,4 млрд теңгені құрайды.
-->Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өз баяндамасында еліміздегі дағдарыс орталықтары туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінде 41 Дағдарыс орталығы республика көлемінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді. Оның 14-і мемлекеттік, 27-сі мемлекеттік емес. Олар негізінен еліміздің 18 өңірінде жұмыс істейді.
Биылдан бастап орталықтар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Бөлінген қаражат көлемі шамамен 1,4 млрд теңгені құрайды.
Есепті кезеңде орталықтар 3 975 адамды қамтыды, оның ішінде: 3 055 адам медициналық көмек алды, 277 адам жұмысқа орналастырылды, 350 бала мектепке дейінгі балалар мекемелеріне орналастырылды, 528 адам құжатталған, 764 адам отбасылармен қайта қауышты. Өтініш білдіргендердің 67%-ға жуығы немесе 2 мың 661-і – зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе куә болған балалар. Қызметтердің негізгі алушылары – көпбалалы отбасылар, - деді министр.