Әлеумет

Биыл Дағдарыс орталықтары 4 мыңға жуық адамға көмек көрсеткен

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді 41 Дағдарыс орталығы көрсетеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info

Министр мәліметінше, мұндай орталықтарда зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет 6 айға дейінгі мерзімде көрсетіледі. 

Осы уақытқа дейін орталықтар 3 мың 975 адамды қамтыды.

-->

Дағдарыс орталықтары 18 өңірде жұмыс істейді. Жаңадан құрылған Алматы және Абай облыстарында әзірше мұндай орталықтар жоқ, сондықтан бұл өңірлерде оларды құру жұмыстарын жүргізу қажет. Биылдан бастап орталықтарды ұстау жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады, – деді Тамара Дүйсенова. 