Әлеумет

Елімізде 7,5 мың «отбасы тираны» әкімшілік жауапкершілікке тартылды – министр

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам қоңырау келіп түскенін айтты, деп хабарлады Elorda.info

-->

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам қоңырау келіп түскенін айтты, деп хабарлады Elorda.info

Жыл басынан бері қоғамдық тәртіп бұзушыларға қатысты 35 мың әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде сот шешімі бойынша 10 мыңнан астам адам қамауға алынды. Белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін 7,5 мың «отбасы тираны» әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биыл полиция өмірлік қиын жағдайға тап болған 7,5 мыңнан астам әйелді кризис орталықтарына жіберді. Олардың 2 мыңнан астамы баспанаға орналасты, – деді министр.