Қазақстандық әскерилер Тәжікстанда оқу-жаттығуға қатысып жатыр
Тәжікстанның «Харбмайдон» полигонында Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштері (ЖӘҰК) бөлімшелерінің «Шекара-2022» бірлескен оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстаннан «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, полковник Бағлан Өсербаевтың басшылығымен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшесі жұмылдырылды.
Бірінші кезеңде таулы жерлерде заңсыз қарулы құрылымдарды жою бойынша жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің бірлескен операциясын дайындау жүзеге асырылуда. Екінші кезеңде бөлімшелерді басқару, жауынгерлік топтарды бұғаттау және жою мәселелері пысықталып, мемлекеттік шекарадағы жағдайды қалпына келтіру мақсатында жауынгерлік және арнайы іс-қимылдар жүргізілетін болады.
Жаттығудың шешуші кезеңі «Харбмайдон» полигонында 20-21 қазан аралығында өтеді.
-->Тәжікстанның «Харбмайдон» полигонында Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштері (ЖӘҰК) бөлімшелерінің «Шекара-2022» бірлескен оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.