Алматыда сотталған адам Тергеу изоляторынан қашып кетті
Бүгін Алматыда Тергеу изоляторынан сотталған адам қашып кетті. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Алматы қалалық полиция департаменті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.
Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қызметтік тексеруді бастады.
-->Бүгін Алматыда Тергеу изоляторынан сотталған адам қашып кетті. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Алматы қалалық полиция департаменті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.
Аталған факті бойынша Алматы қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабы (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді, – деп хабарлады Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қызметтік тексеруді бастады.