Қонаев қаласында Tik-Tok-тағы ойынды ойнаған оқушы ауруханаға түсті
Қонаев қаласындағы орта мектеп оқушылары сыныптастарын талдырып көріп, ажалмен ойнаған. Жұрттың зәресін алған қауіпті ойыннан сегізінші сыныптың оқушысы зардап шегіп, тістері сынған, деп хабарлады Elorda.info «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, жасөспірім қазір ем алып жатыр. Сыныптастары тынысын тарылтып, демін тежеп, қас-қағым сәтте талдырып ойнаған жағдай мектепте болған. Ойын балалары бұл әрекетін әдейі камерадан тыс жерде жасаған. Тіпті есікті жауып қалқалап қойған. Кадрларда ойын баласы сыныптасын қабырғаға қысып алып талдырғанын байқауға болады. Жиырма рет отырып-тұрғызып, демі тарылғанда кеудесін қысып қалады. Миға оттегі жетпеген оқушы есінен танады.
Ал мектеп басшылығы барлық ата-анамен түсіндірме жұмысын жүргізген.
Енді білім ордасындағы бақылау күшейтілмек.
Сынып жетекшісінің сөзінше, денсаулығына орташа жағдайда нұқсан келген оқушы қазір Алматыда ем алып жатыр. Баланың ата-анасы әзірге толық ақпарат бермеген.
-->Қонаев қаласындағы орта мектеп оқушылары сыныптастарын талдырып көріп, ажалмен ойнаған. Жұрттың зәресін алған қауіпті ойыннан сегізінші сыныптың оқушысы зардап шегіп, тістері сынған, деп хабарлады Elorda.info «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, жасөспірім қазір ем алып жатыр. Сыныптастары тынысын тарылтып, демін тежеп, қас-қағым сәтте талдырып ойнаған жағдай мектепте болған. Ойын балалары бұл әрекетін әдейі камерадан тыс жерде жасаған. Тіпті есікті жауып қалқалап қойған. Кадрларда ойын баласы сыныптасын қабырғаға қысып алып талдырғанын байқауға болады. Жиырма рет отырып-тұрғызып, демі тарылғанда кеудесін қысып қалады. Миға оттегі жетпеген оқушы есінен танады.
Оқушылар емес, қазір үлкендердің өзі кіріп кететін болдық қой. Заман сондай болып кетті ме?! Тәрбиенің бәрі отбасынан басталады ғой. Оларды басқа бағытқа – спортқа, үйірмелерге тәрбиелеу керек. Бос уақыты көп, – дейді ата-ана Ерден Әділбеков.
Ал мектеп басшылығы барлық ата-анамен түсіндірме жұмысын жүргізген.
Үнемі жұмыс істеп отырамыз. Семинарлар өткізеді. Ата-аналармен де жұмыс істейміз. Вебинарлар да өтеді, біз қатысамыз. Бұл жерде меніңше екі жақтың да кінәсі болып тұр. Біздің де кінәмізді жоқ деп айта алмаймын. Өйткені бақылау болмаған болмаған, – деді мектеп директорының міндетін атқарушы Мақпал Төлеуханқызы.
Енді білім ордасындағы бақылау күшейтілмек.
Бұл іске қатысты қазір оқу бөлімшесінің жауапты өкілдерімен қатаң тәртіптік ескерту жүргізілді. Сонымен қатар басқа да мектептер арасында алдын алу шаралары жүргізілді. Зардап шегуші мен оның денсаулығына нұқсан келтірген оқушылар арнайы есепке алынды, – деді Қонаев қалалық ПБ аға инспекторы, полиция майоры Гүлмира Турина.
Сынып жетекшісінің сөзінше, денсаулығына орташа жағдайда нұқсан келген оқушы қазір Алматыда ем алып жатыр. Баланың ата-анасы әзірге толық ақпарат бермеген.