Әлеумет

Елімізде такси бағасы бір жылда 9%-ға қымбаттап кеткен

Қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда такси қызметтерін көрсететін компаниялардың табысы 3 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Elorda.info Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Сектордағы ең жоғары көрсеткіш Қарағанды облысында тіркелді. Көшбасшылар үштігіне елорда және Алматы қалаларында байқалды.

Жыл басынан бері 1,4 миллиард жолаушы такси қызметін пайдаланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1%-ға көп. Тамыз айының қорытындысы бойынша такси бағасы бір жылда 9%-ға өсті.

Өңірлік бөліністе Жетісу облысының тұрғындары бағаның өсуін қатты сезінді: бір жылда 37,7%. Үштікте Алматы және Абай облыстары тұр. Бағаның ең төмен жылдық өсуі Ақмола облысында тіркелді. Тағы төрт облыста — Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Түркістан облыстарында бағалар бір жыл бұрынғыдай деңгейде қалды.

Numbeo мәліметтері бойынша, 6 қазанында  1 км-ге есептелген такси қызметтерінің ең төменгі бағасы Пәкістанда, ал ең жоғарғысы Швейцарияда тіркелді.

-->