Елімізде көмір бір жылда 11%-ға қымбаттады
Қаңтар-тамыз айларында көмір өндіру көлемі 76,5 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% -ға артық, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Экспорт 16,3%–ға артып, 20,9 млн тоннаға жетті, ал ішкі нарықта сату тек 1,4%-ға өсіп, 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 45,7 млн тоннаны құрады.
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда көмір бір айда 2,9%-ға және бір жылда 10,8%-ға қымбаттады.
Елімізде 1 тонна көмірдің орташа бөлшек сауда бағасы бір жылда 13,7 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін өсті. Ең қымбат көмір Тараз және Орал қалаларында сатылды: Жоғары баға Жезқазған, Алматы және Талдықорған қалаларында тіркелді.
Ал үйді көмірмен жылыту экологиялық жағдайға әсер етеді. «Қазгидрометтің» атмосфералық ауаның сапасы туралы анықтамасына сәйкес, 4-10 қазан аралығында ең лас ауа Қарағандыда байқалды. Одан кейін Астана және Алматы қалаларында байқалды.
-->Қаңтар-тамыз айларында көмір өндіру көлемі 76,5 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% -ға артық, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.