«Газет пен интернеттің интеграциясы»: «Elorda aqparat» ЖШС дөңгелек үстел өткізді
Қазақ баспасөзінің тағдыры қыл үстінде тұр дегенді жиі айтамыз. «Халық газет оқымайды» деп және айтамыз. Жалпы, қағаз басылымдар «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» интернетпен, әлеуметтік желілермен бәсекелесе ала ма? Газет-журналдардың болашағы қалай болады? Журналистерге мәртебе берілуі қажет пе? «БАҚ туралы» заңда не ескерілуі керек? Осы және өзге де мәселелер «Elorda Aqparat» медиахолдингінің мәжіліс залында талқыға салынды, деп хабарлады Elorda.info.
Айта кетейік, дөңгелек үстел бүгінгі күні жарық көргеніне 32 жыл толып отырған «Астана ақшамы» газетінің «туған күніне» арналды.
Іс-шараға Парламент Сенатының депутаты, журналист Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты, журналист Жанарбек Әшімжан, Egemen Qazaqstan газеті бас редакторының орынбасары Талғат Батырхан, Astana aqshamy газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр, Бас редакторлар клубы президентінің орынбасары Мұратбек Тоқтағазин, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, «Айқын» газетінің бас редакторы Амангелді Құрмет, «Айқын-Литер» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев және басқа да БАҚ өкілдері қатысып, қазақ баспасөзінің болашағына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелек үстел модераторы «Elorda aqparat» ЖШС директоры Олжас Сыдықбек болды.
Тілшілерге қаламақы төлеу заңмен бекітілмеген
Нұртөре Жүсіп өз сөзінде посткеңестік елдердегі газеттердің қалай жарық көренін тілге тиек етті. Өзі де бір кездері басқарған Astana aqshamy газетінің тарихына тоқталды. Бүгінде жер-жерде қалалық газеттер бар болғанымен, елорданың бас басылымының орны айрықша екенін айтты. Бұл басылым қабырғасынан көптеген қаламгер түлеп ұшқанын, журналистердің ұстаханасына айналғанын жеткізді. Сондай-ақ сенатор БАҚ-та еркіндік болғаны жөн екенін, сөз бостандығы болуы қажет екенін, әйтпесе бүгінде көп басылым бірін-бірі мазмұнымен қайталайтынын айтты. Қаламақы мәселесін көтерді. Алайда, депутаттың айтуынша, тілшілерге қаламақы төлеу заңмен бекітілмеген екен. Осы орайда ол бұл проблема да шешілуі қажет екенін айтты.
Әріптесінің пікірін қолдаған Жанарбек Әшімжан да «БАҚ туралы» заң, басылымдарға берілетін мемлекеттік тапсырыс, БАҚ арасындағы өзара бәсекелестік туралы пікірін ортаға салды.
Болашақта «БАҚ туралы» заң дұрыс жұмыс істейтін болса, салалық министрліктің қажеті шамалы болатынын, мемлекеттік тапсырысты да жүйелеу керек екенін айтты. Қалам ұстаған қауым құрылтайшысының босағасын сығаламай, төрінде отыруы керек екеніне назар аударды. Баспасөздің дәуірі бітті дегенмен келіспейтінін, газет-журналдар өзара бәсекелестікте жұмыс істеуі қажет екенін еске салды.
Журналистер «БАҚ туралы» заңға ұсыныс білдіруге белсенділік танытпайды
Осы орайда Бас редакторлар клубының вице-президенті Мұратбек Тоқтағазин журналистер «БАҚ туралы» заңды талқылағандарын айтты. Оның пікірінше, заңға ұсыныстар беруге келгенде журналистер енжарлық танытатынын қынжыла баяндады.
Бұдан әрі сөз алған белгілі журналист Талғат Батырхан мемлекет руханиятқа көңіл бөлуі қажет екенін айтты. Журналистің жазған дүниесіне тауар ретінде қарауға болатынын тілге тиек еткен ол бүгінде «пресс-релиз журналистер» көбейгеніне қынжылды. Әйтпесе журналистика мәртебелі мамандыққа жататынын айтты.
БАҚ билікке емес, халыққа қызмет етеді
Болашақ тілшілерді дайындап жатқан ЖОО өкілі Қайрат Сақ та бірқатар мәселені көтерді. Бүгінде БАҚ-та ғылыми сараптама жоқ екенін айтты. Журналистикадағы дербестікті заңмен бекітіп алу қажет болатынын, шенеуніктер редакция саясатына араласпауы қажет екенін, БАҚ билікке емес, халыққа қызмет ететінін еске салды. БАҚ құрылтайшылары мемлекеттік тапсырыс берсек болды, бізге жұмыс істейді деп ойлайтынын, ал ол қаражат халықтың ақшасы екенін еске салды. Сөз соңында журналистикасы мықты елдің өзі де мықты болады деген ойын жеткізді.
Дөңгелек үстелге қатысқан басқа да медиаменеджерлер қазақ баспасөзіне қатысты өз ой-пікірлерін ашық білдірді. Қағаз бағасы қымбаттап кеткенін, газет-журналды таратуды қалай жолға қоюға болатынын, электронды басылым мен қағаз басылымның айырмашылығы туралы ой-пікірлерін жеткізді. Баспасөз болашағына бейжай қарауға болмайтынын, алдағы уақытта көтерілген мәселелердің, ұсыныс-тілектерді «БАҚ туралы» заңға енуіне мүдделі екендіктерін білдірді.
-->Қазақ баспасөзінің тағдыры қыл үстінде тұр дегенді жиі айтамыз. «Халық газет оқымайды» деп және айтамыз. Жалпы, қағаз басылымдар «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» интернетпен, әлеуметтік желілермен бәсекелесе ала ма? Газет-журналдардың болашағы қалай болады? Журналистерге мәртебе берілуі қажет пе? «БАҚ туралы» заңда не ескерілуі керек? Осы және өзге де мәселелер «Elorda Aqparat» медиахолдингінің мәжіліс залында талқыға салынды, деп хабарлады Elorda.info.
Айта кетейік, дөңгелек үстел бүгінгі күні жарық көргеніне 32 жыл толып отырған «Астана ақшамы» газетінің «туған күніне» арналды.
Іс-шараға Парламент Сенатының депутаты, журналист Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты, журналист Жанарбек Әшімжан, Egemen Qazaqstan газеті бас редакторының орынбасары Талғат Батырхан, Astana aqshamy газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр, Бас редакторлар клубы президентінің орынбасары Мұратбек Тоқтағазин, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, «Айқын» газетінің бас редакторы Амангелді Құрмет, «Айқын-Литер» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев және басқа да БАҚ өкілдері қатысып, қазақ баспасөзінің болашағына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелек үстел модераторы «Elorda aqparat» ЖШС директоры Олжас Сыдықбек болды.
Тілшілерге қаламақы төлеу заңмен бекітілмеген
Нұртөре Жүсіп өз сөзінде посткеңестік елдердегі газеттердің қалай жарық көренін тілге тиек етті. Өзі де бір кездері басқарған Astana aqshamy газетінің тарихына тоқталды. Бүгінде жер-жерде қалалық газеттер бар болғанымен, елорданың бас басылымының орны айрықша екенін айтты. Бұл басылым қабырғасынан көптеген қаламгер түлеп ұшқанын, журналистердің ұстаханасына айналғанын жеткізді. Сондай-ақ сенатор БАҚ-та еркіндік болғаны жөн екенін, сөз бостандығы болуы қажет екенін, әйтпесе бүгінде көп басылым бірін-бірі мазмұнымен қайталайтынын айтты. Қаламақы мәселесін көтерді. Алайда, депутаттың айтуынша, тілшілерге қаламақы төлеу заңмен бекітілмеген екен. Осы орайда ол бұл проблема да шешілуі қажет екенін айтты.
Журналист мәртебесі берілмесе де, оларға заңды түрде жағдай жасалуы керек. Аккредиция деген бар, қандай да бір іс-шараға тіркелген журналистер ғана жіберіледі. Ал куәлігі бар басқа тілші іс-шарадан сырт қалады. «БАҚ туралы» заңда осы мәселелер назарға алынуы керек. Сондай-ақ онда журналистердің қызметтік міндеттемелері де ескерілуі қажет», - деген Нұртөре Жүсіп сөзінің соңында баспасөз еркін болмай, Жаңа Қазақстан құру оңай болмайды деген тұрғыда өз ойын білдірді.
Әріптесінің пікірін қолдаған Жанарбек Әшімжан да «БАҚ туралы» заң, басылымдарға берілетін мемлекеттік тапсырыс, БАҚ арасындағы өзара бәсекелестік туралы пікірін ортаға салды.
Болашақта «БАҚ туралы» заң дұрыс жұмыс істейтін болса, салалық министрліктің қажеті шамалы болатынын, мемлекеттік тапсырысты да жүйелеу керек екенін айтты. Қалам ұстаған қауым құрылтайшысының босағасын сығаламай, төрінде отыруы керек екеніне назар аударды. Баспасөздің дәуірі бітті дегенмен келіспейтінін, газет-журналдар өзара бәсекелестікте жұмыс істеуі қажет екенін еске салды.
Журналистер «БАҚ туралы» заңға ұсыныс білдіруге белсенділік танытпайды
Осы орайда Бас редакторлар клубының вице-президенті Мұратбек Тоқтағазин журналистер «БАҚ туралы» заңды талқылағандарын айтты. Оның пікірінше, заңға ұсыныстар беруге келгенде журналистер енжарлық танытатынын қынжыла баяндады.
Заң журналистерге керек, бірақ әріптестеріміз ұсыныс білдірмейді. Бойкүйездік танытады. Бұл заңда журналистің мәртебесін айқындау қажет. Мысалы, әкімдіктер тілшілерге арнап жер бөліп берсе, ол жерге тұрғын үй салуға болар еді. Сол кезде бұл кәсіпке жастар тарапынан қызығушылық болар еді, - деген қызықты ұсынысын жеткізді.