Әлеумет

Астанада бала күтуші үй иелерінің ақшасын ұрлап кеткен

Астаналық криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде үй иелерінің ақшалай қаражатын ұрлады деп күдікпен бала күтуші болып жұмыс істеген әйелді ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Тергеу барысында 27 жастағы әйелдің осы жылдың қыркүйек айында бала күтуші болып жұмысқа орналасқаны анықталды.

Бір айдан астам уақыт жұмыс істеп келген күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, шкафтағы қораптан ақша тауып алған. Ақшаны иемденіп алған ол үй иелері ақшаның жоғалғанын біліп, полицияға хабарласқанға дейін жұмысын жалғастыра берген.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бала күтуші кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер алынды, оның қала аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Полицейлерге жұмыс берушілерге бейтаныс адамдарды жұмысқа алмас бұрын құжаттарының көшірмелерін, ұсыныс хаттарын талап етуге, сондай-ақ қырағы болуға, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.

-->