Елімізде қандай көліктер жиі ұрланады
ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов ведомствоның онлайн брифингісінде елімізде қандай көліктер жиі ұрланатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
-->ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов ведомствоның онлайн брифингісінде елімізде қандай көліктер жиі ұрланатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Жыл басынан бері елімізде 909 көлік ұрланып, 775-і табылған. Ең жиі ұрланатын көліктерге келсе, бұл жерде «Toyota», «Lexus» көліктері жиі ұрланатынын айтуға болады. Биыл 60-тас астам көлікке іздеу жарияланды. Оның 85 %-ы табылып, иелеріне қайтарылды. Бірлескен жұмыстардың арқасында кейінгі 5 жылда ТМД елдерінан Қазақстанда ұрланған 50-ден астам автокөлік табылды, - деді ол.