Әлеумет

Елімізде нан бағасы бір жылда шамамен 20%-ға қымбаттап кеткен

Биыл қаңтар-тамыз айларында нан өндірісі 342,4 мың тоннаны құрады. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға аз, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Сектордағы шығарылымның төрттен бір бөлігі Түркістан облысына тиесілі: 81,7 мың тонна. Үштікте Алматы мен Ақтөбе облысы да болды.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша нан құны өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 19,4%-ға өсті. Қара бидай нанының бағасы 24,7%-ға, жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны — 28,2%-ға, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны -14,4%-ға, кесілген нан - 28,1%-ға өсті. Ұлытау облысында бағалар айтарлықтай өсті: бірден 48,3%-ға көтерілді. Одан кейін Ақмола облысы және Алматы, Солтүстік Қазақстан облысында бағаның ең төмен жылдық өсуі тіркелді.

Қазақстандықтар жоғары сұрыпты ұннан жасалған нанды 341 теңгеге, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанды 195 теңгеге сатып алды.

Екінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде жан басына шаққанда орташа тұтыну бірінші сұрыпты бидай ұнынан 7,5 кг және қара бидай ұнынан 646 г нан құрады.

Бидай ұнынан жасалған нанды қалалықтар ауыл тұрғындарына қарағанда аз тұтынады, ал қара бидай ұнынан жасалған нанды қала тұрғындары көбірек сатып алады.

-->