Әлеумет

Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған екі ресейлік ұсталды

Астанада Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған екі ресейлік ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Ресейдің екі азаматы Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Істі тексеру барысында 21 және 28 жастағы жастардың Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аумағында және жағалау маңында ұшқышсыз ұшақтарды ұшырғаны анықталған.

Азаматтардың квадрокоптерді пайдалануға рұқсаттары болмаған.

-->

Құқық бұзушылықтар ақпаратты есепке алу кітабына тіркеледі. Қазіргі уақытта материал заңды шешім қабылдау үшін Азаматтық авиация комитетіне жіберілді. Аталған тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Астана қаласының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді, - делінген хабарламада.