Қарағанды облысында жазасын өтеуші Головкиннің портретін салды
Қарағанды облысында сотталған адам боксшы Геннадий Головкиннің портретін салды, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz сайты жазғандай, сотталғандар қазақ боксшысына, осылайша, қолдау көрсетуге бел буыпты. Олар Геннадий мен Альварестің жекпе-жегі көңілін түсірмегенін әрі Қазақстанның чемпионына одан сайын тәнті болуға негіз болғанын атап өткен.
Геннадий Головкиннің портретін мекеме қызметкерлері Қарағанды қаласының Г. Головкин атындағы спорттық-сауықтыру кешеніне тапсырды.
GGG атындағы Қарағанды қаласының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бас инженері Юрий Сергеевтің айтуынша, суретші Геннадийдің жылы көзқарасы мен қайсарлығын ерекше бедерлеген.
18 қыркүйекте GGG тағы да Альварестен жеңіліп қалды. Бірінші және екінші жекпе-жектерден айырмашылығы бұл жолы боксшылар 76,2 келі салмақ дәрежесінде кездесті. Бұл Головкиннің осы салмақтағы дебюттік жекпе-жегі болды.
-->

Мамандығым суретші. Соңғы туындымды Геннадий Головкиннің жекпе-жегіне арнадым, – дейді жазасын өтеуші.