Әлеумет

«Бақытты отбасы»: табысқа шектеу қойылмайды

«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында берілетін заемның ең жоғары сомасы бойынша шектеулер қойылмайды, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Сонымен қатар, ол Бағдарлама шарттарына бірқатар оң өзгеріс енгізілгенін атап өтті.

Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасына көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен қатар, «жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар» сондай-ақ «I және II топтағы мүгедектер» санаттары бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар да қатыса алады. Жаңа қосылған санаттар бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушалар өз өтініштерін жаңа байқау жарияланған уақытта жолдай алады.

-->

Қазақстандық отбасыларды жеңілдетілген шарттармен несиелендіруге биыл республикалық бюджеттен 51 млрд теңге бөлінді. Аталмыш қаражат банкке түсті. Бұл қаражат аясында 5000-ға жуық отбасы несиелендірілетін болады, - деді Алматы қаласы «Отбасы банкі» АҚ филиалының директоры Данагүл Түсіпова.

Сонымен қатар, ол Бағдарлама шарттарына бірқатар оң өзгеріс енгізілгенін атап өтті.

Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасына көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен қатар, «жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар» сондай-ақ «I және II топтағы мүгедектер» санаттары бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар да қатыса алады. Жаңа қосылған санаттар бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушалар өз өтініштерін жаңа байқау жарияланған уақытта жолдай алады.

Тағы бір жағымды жаңалық – «Бақытты отбасы» бағдарламасында табысқа шектеу қойылмайды. Бұған дейін отбасы мүшелерінің соңғы алты айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен, яғни 115 905 теңгеден аспауы керек деген талап бар болатын. Мысалы, көпбалалы отбасы отағасының жалақысы белгіленген нормадан 200 теңгеге асып кетсе, бұл отбасы қолжетімді несиеге қол жеткізе алмайтын, - деп түсіндірді спикер.