Әлеумет

«Басыңды унитазға жарамын»: Қостанайда мектеп директоры оқушыны қорқытқан

Қостанай облысында Мичурин мектебінде мектеп директоры оқушыны дәретхана унитазына басын жарамын деп қорқытқан, деп хабарлады Elorda.info.

Дегенмен мектепте ата-аналар жиналысы өтіп, директор әрекеті үшін кешірім сұраған. Тараптар татуласып, директор тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс алған. 

«Тобол Инфо» басылымы жазғандай, Мичурин атындағы мектеп директоры Айнаш Даданованың сөзі жазылып қалған жазбаны оқушы желіге жариялап жіберген. Онда директор мектепте 36 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, «оқушылармен қарым-қатынас жасауды жақсы білетінін» айтады.

Оқи отырыңыз: Жамбылдық полицейлер жоғалып кеткен әйелді ауыр жағдайда тапты (ВИДЕО)

Кейбірі оқушыны қолдаса, енді бірі мектеп директорына жақтасқан. 

Облыстық Білім басқармасы директордың педагогикалық этиканы бұзу фактісін мойындады.

-->

Мектепте саған не ұнамайды? Мүмкін мені ұнатпайтын шығарсың? Мен ешкіммен қалжыңдасайын деп тұрған жоқпын. Мектепте 36 жыл жұмыс істеймін, сен сияқтылармен не істеу керектігін білемін. Келесі жолы басыңды дәретхана унитазына жарамын, ешкім білмей де қалады. Аяғы шалынып кетіпті деймін. Сенімен қалжыңдап тұрған жоқпын, мұның соңғы рет болсын, – дейді ол жазбада.

Кейбірі оқушыны қолдаса, енді бірі мектеп директорына жақтасқан. 

Облыстық Білім басқармасы директордың педагогикалық этиканы бұзу фактісін мойындады.

Оқиға оқушылардың мектеп мүлкін бүлдірген бірнеше жағдайынан кейін орын алған. Мектепте ата-аналар жиналысы өтіп, онда директор кешірім сұрады, тараптар татуласқан. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Әдеп жөніндегі кеңесі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады. Директорға сөгіс жарияланды, – деді Қостанай облысының Білім басқармасы.