Әлеумет

Президент қоғам масылдық психологиядан арылуы керек екенін айтты

Мемлекет басшысы әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетіле беретінін айтты, деп хабарлады Elorda.info Президент баспасөз қызметінің БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Павлодар өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 4 қазандағы №1031 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» РМК директорының кеңесшісі Леонид Иванович Баталов;

«Құрмет» орденімен «Жоғары спорттық шеберлік мектебі» КМҚК оқытушысы – жаттықтырушысы Азамат Шұғаұлы Мақажанов;

«Құрмет» орденімен «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК перинаталдық орталығының бас дәрігері Айман Қайыркенқызы Оспанова;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Қазақстан алюминийі» АҚ учаске бастығы Еркеблан Хаджи-Мұратұлы Хусаинов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қазақстан» РТРК» АҚ меншікті тілшісі Болат Советұлы Аманбаев наградталды.
 
-->

Біздің қоғам масылдық психологиядан арылуы керек. Әрине, мемлекет әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсете береді. Бірақ жұмыс істеуге мүмкіндігі бар әрбір адам адал еңбекпен табыс тауып, отбасын асырауға міндетті. Осының өзі елімізді дамытуға үлес қосу деген сөз, – деді Президент. 