Әлеумет

Елімізде такси қызметімен заңсыз айналысатындардың көлігі тәркілене ме

Такси қызметімен заңсыз айналысатындардың көлігі тәркіленеді деген ақпарат жалған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Комитет мұндай шара сот шешімімен ғана қабылданатынын айтты.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті такси қызметін жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылғанын ескертеді.

-->

Такси қызметімен заңсыз айналысатындардың көлігі тәркіленеді деген ақпарат жалған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Желіде жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, такси қызметін ұсынатын дерек анықталған жағдайда, жеке көліктердің конфискацияланып жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл жалған, - делінген хабарламада.

Комитет мұндай шара сот шешімімен ғана қабылданатынын айтты.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің бірқатар баптарымен соттың шешімі болған жағдайда меншіктен айыру мүмкіндігі көзделеді. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес өз мүлкінен тек сот шешімімен айырылуы мүмкін. Заңсыз такси болғаны үшін көлік құралдарының конфискацияланғаны туралы бірде-бір дерек жоқ, - деді комитеттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті такси қызметін жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылғанын ескертеді.