Терроризм туралы жалған хабарлаған 28 адам жауапқа тартылды
Жыл басынан бері терроризм туралы түрлі мекемелерге қасақана жалған хабар берген 28 адам жазаланған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.
-->Жыл басынан бері терроризм туралы түрлі мекемелерге қасақана жалған хабар берген 28 адам жазаланған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Полиция терроризм актілері туралы түрлі мекемелерге қасақана жалған хабар берген адамдарды анықтап жатыр. Интернетте басқа адамдардың атынан жедел қызметтерге жаппай жалған хабарлама жіберетін «сватинг» атты анонимді қауымдастықтар жұмыс істейді. Оның мотивтері де әр түрлі – жеке кек, жанжал, басқа адамға қиындық туғызуға ұмтылу. Қазақстандық оқушылар арасында да осындай топтарға қызығушылық байқалады. Сондықтан, құқық қорғау органдары ата-аналардан баласының интернеттегі іс-әрекетіне мұқият қарауды сұрайды. ІІМ арнайы органдармен бірлесіп, шабуылдаушылардың IP мекенжайларын, аккаунттарын және басқа да мәліметтерін белгілеу үшін шетелдік құқық қорғау органдарымен, интернет-провайдерлермен өзара жұмыс істейді. Тек кейінгі 2 айда интернет арқылы жалған хабарламалар жіберген 5 адам анықталды. Жыл басынан бері мұндай әрекеттер үшін 28 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 8-і бас бостандығынан айырылды, - деді министрлік өкілі онлайн брифингіде.