Әлеумет

Ресейде тұратын қазақстандықтар әскерге шақырту қағазын ала бастаған

Ресей Федерациясында тұратын кейбір қазақстандықтар елде жарияланған ішінара мобилизацияға байланысты әскери комиссариаттан шақырту алған. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осындай жайттарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info. 

Айта кетсек, әлеуметтік желіде Ресейде бірнеше жылдан бері тұрып жатқан қазақстандық азаматтар да сол елде жарияланған ішінара мобилизацияға байланысты әскери комиссариаттарға шақыру қағазын ала бастағаны туралы ақпарат тарады.

-->

Ақпараттық базада кейде сәйкессіздіктер болып жатады. Егер адам, мысалы, Ресей аумағында жүрсе және азаматтық алмай, тұрақты тұруға рұқсат алған болса, онда өз құжатын әскери комиссариатқа апарып көрсете алады немесе Қазақстан елшілігіне жүгінуіне болады, - деп түсіндірді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.