Елордада бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грант алу үшін өтінімдер қабылдау басталады
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында елордада жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз негізде гранттар бөлінеді. Грант алу үшін өтінімдерді қабылдау 19 қыркүйекте басталады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
IV лекте 340 өтінімді қабылдау жоспарланып отыр, оның ішінде 224-і – жастар үшін және 116-сы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін. Өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңімен «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.
Гранттар биыл халықтың нақты бір топтары үшін ғана көзделген:
- 29 жасқа дейінгі жастар;
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
- көпбалалы отбасы мүшелері – көп балалы отбасы бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
- қоныс аударушылар, қандастар;
- жұмыс істей алатын мүгедектігі бар жандар;
- асыраушысынан айрылған адамдар – асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушы;
- мүгедек баланы (мүгедек балаларды) және (немесе) оның жұбайын тәрбиелеп отырған адамдар жатады.
Биыл өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңімен 4 лек аясында жүзеге асырылатын болады. I лек (2022 жылғы 1-14 сәуір), II лек (2022 жылғы 8-19 тамыз), III лек (2022 жылғы 29 тамыз-9 қыркүйек), IV лек (2022 жылғы 19-30 қыркүйек).
Толық ақпарат алу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы, тел.: 24-94-72, 8-700-956-98-10.