Әлеумет

«Президент болса да ұруға болмайды»: Төреғали Төреәліден таяқ жеген жігіт сұхбат берді (ВИДЕО)

Күні кеше әнші Төреғали Төреәлі Көлсай көлінде гид болып жұмыс істейтін жас жігітті аяусыз ұрып-соғып, елді шулатып жатыр. Одан себепсіз таяқ жеген Бекарыс Қожбанов «1001 түн» бағдарламасына сұхбат беріп, оқиғаның қалай болғанын түсіндірді, деп жазады Elorda.info

20 жастағы жігіт Көлсайда туристерге гид қызметін көрсетеді. Оқиға болған күні ол әдеттегідей елге келген қонақтарды Көлсайдың әсем жерлерімен таныстырып жүрген. Сонда ол әншінің де демалып жүргенін байқапты. 

Оқи отырыңыз: Төреғали Төреәлі гидті аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)

Төреғали Төреәлінің үстінен полиция тексеріс бастады

Тағы оқыңыз: «Қажылар, не болды сендерге?»: Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің қылығы жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

Төреғали Төреәлінің жары: «Өзімді тек тірлік істеп, бала туатын адам ретінде сезінемін»

Содан ол Алматы облысы Кеген ауданының полиция бөлімшесіне барып, арыз жазған. 

Жас жігіттің айтуынша, оның қабағы жарылып, гематома пайда болған. Сондай-ақ денесінен де соққылар алған. 

Бекарыс Қожбанов әнші оқиғадан кейін кешірім сұрап, хабарласпағанын, оны кешірмейтінін, істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

-->

Туристердің арасында Мәскеуден келген бір кісі болды. Соған Төреғали ағаны таныстырып: «Біздің танымал әнші» деп мақтадық. Сосын ол кісі шамамен 5 секундтай Төреғалиға қарап тұрған екен. Содан келіспеушілік басталды. Төреғали: «Сен маған неге қарайсың?» – деп жаман сөздер айтты. Біраз жерге апарып тастады. Ол кісі қазақша түсінбейді де.

Бір кезде Төреғали жоғарыға көтеріліп кетті, турист кісі де артынан ерді. Біз де «бәлесінен аулақ» деп артынан бардық. Төреғали менің түрімді жаттап алып, маған бас салды. Көлігінен түсіп, жағамнан алып, ұрды, - дейді Бекарыс Қожбанов.

Тағы оқыңыз: «Қажылар, не болды сендерге?»: Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің қылығы жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

Төреғали Төреәлінің жары: «Өзімді тек тірлік істеп, бала туатын адам ретінде сезінемін»

Содан ол Алматы облысы Кеген ауданының полиция бөлімшесіне барып, арыз жазған. 

Жас жігіттің айтуынша, оның қабағы жарылып, гематома пайда болған. Сондай-ақ денесінен де соққылар алған. 

Бекарыс Қожбанов әнші оқиғадан кейін кешірім сұрап, хабарласпағанын, оны кешірмейтінін, істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Кешірмеймін. Бұл кісіні халық көтеріп отыр, түсіретін де халық. Істі соңына дейін апарамын. Әнші болса да, Президент болса да, бұлай себепсіз ұруға болмайды, - деді ол.