Елордада жыл басынан бері жасөспірімдердің қатысуымен 82 қылмыс тіркелген
Елордадағы Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектебінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен нашақорлықты алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жиын кәмелетке толмағандар арасында болатын құқық бұзушылық мәселелерінде ата-аналардың назарын аударту мақсатында өткізілді. Оған Білім басқармасы, сот, прокуратура, полиция департаменті мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.
Қалалық Білім басқармасы Кәмелетке толмағандар құқығын қорғау бөлімінің басшысы Гүлсім Төкенқызы елордада жасөспірімдер арасындағы қылмысты алдын алу үшін жұмыс әлі де жалғасып жатқанын айтты.
Астана қаласы сотының төрайымы Шынар Ерғалиева ата-аналарға әлеуметтік желіде жалақысы көп жұмыс ұсынатын алаяқтар туралы ескертті.
Жыл басынан бері елордада 82 жасөспірім қылмыс жасаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 қылмысқа көп. 4 200 жасөспірім түнгі уақытта үйде емес, тыйым салынған орындарда жүрген. Ал елімізде үш жылда синтетикалық есірткіге тәуелді жастар саны екі жарым есеге артқан. Себебі, синтетикалық есірткілер жасөспірімдер үшін арзан әрі оған оңай қол жеткізуге болады.
Айта кетейік, 2019 жылдан бері есірткі тасымалдаушыларға қатаң жаза белгіленген. Оларды 5 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Сондай-ақ, елімізде бірнеше наркозертхана, притондар анықталып, 105 килограмнан астам синтетика тәркіленген. Оның бағасы 2 млрд теңгеден асады.
-->Елордадағы Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектебінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен нашақорлықты алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жиын кәмелетке толмағандар арасында болатын құқық бұзушылық мәселелерінде ата-аналардың назарын аударту мақсатында өткізілді. Оған Білім басқармасы, сот, прокуратура, полиция департаменті мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.
Қалалық Білім басқармасы Кәмелетке толмағандар құқығын қорғау бөлімінің басшысы Гүлсім Төкенқызы елордада жасөспірімдер арасындағы қылмысты алдын алу үшін жұмыс әлі де жалғасып жатқанын айтты.
Жасөспірімдер қылмысы - қоғамдағы өзекті мәселе. Әр тоқсан сайын мектепте және полицияда есепте тұрған балалармен жұмыс істейміз. Арнайы мониторинг жүргізіледі. Бүгінде ювеналды полиция есебінде 125 мектеп оқушысы тұр. Қазір орта білім беру мекемелерінде мектеп инспекторы жоқ. Оның қызметін құқық бұзушылықтың алдын ала жөніндегі менеджер атқарады. Яғни, тек бір бағытта жұмыс істейді, - дейді басқарма өкілі.
Астана қаласы сотының төрайымы Шынар Ерғалиева ата-аналарға әлеуметтік желіде жалақысы көп жұмыс ұсынатын алаяқтар туралы ескертті.
Қазір барлық балаға телефон, оның ішіндегі әртүрлі әлеуметтік желілер қолжетімді. Сол себепті балалардың не істеп жүргенін бақылау қажет. Мысалы, желілерде жеткізуші қызметіне адам іздейтіндер көп. Жасөспірімдер ақша табу мақсатында жеңіл жұмыстарға тез келісе кетеді. Көп жағдайда ол тыйым салынған заттарды тасымалдауы мүмкін. Егер қылмыс анықталған жағдайда, сыбайлас ретінде жауапқа тартылады. Сондықтан да ата-аналар бала сабақ уақытынан тыс не істеп жүргенін бақылау қажет, - дейді сот төрайымы.