Әлеумет

Қазақстанда ерлі-зайыптылар зейнетақы жинақтарын біріктіре алады

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Мысалы, ерлі-зайыптылардың, 55 жастағы күйеуі мен әйелі тиісінше 11,6 млн теңге және 5 млн теңге мөлшерінде зейнетақы жинақтары бар.

Айта кетейік, дамыған елдерде зейнетақы аннуитеті шарттары зейнетақы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Скандинавия елдерінде (Дания, Швеция, Норвегия) бірлескен аннуитеттер ерікті өнімдер болып табылады, ал Латын Америкасы елдерінде (Чили, Мексика, Аргентина) бірлескен аннуитеттер міндетті сипатқа ие.

-->

Бұл ретте күйеуі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшеріндегі ай сайынғы төлеммен зейнетақы аннуитетінің ең төмен құны 7,4 млн теңгені, әйелі үшін – 9,2 млн теңгені құрайды. Тиісінше, әйелдің жинақ сомасы жеке зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткіліксіз. Жинақтарды біріктіріп және бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өмір бойы төлемдер ала алады. Бірлескен зейнетақы аннуитеттерін енгізу азаматтардың жинақ бастамаларын арттыруға және зейнеткерлікке шыққан кезде оларға қосымша жинақтарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл опцияны 1 млн-ға жуық адам пайдалана алады, - деді М.Хаджиева. 